«Болашақ» бағдарламасы осы бағыттағы 11 халықаралық стипендия арасында үздік танылды. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек айтты. «Болашақ» түлектері құрған корпоративті қор 10 жылдан бері инклюзивті білім беруді қолдап келеді. Бүгін сол жұмыстарды насихаттауға арналған республикалық конкурстың жеңімпаздары марапатталды. Айта кетейік, ерекше қажеттілігі бар балаларды оқыту үшін елімізде 59 сауықтыру мекемесі мен 16 «Қамқорлық» кабинеті ашылған. «Нұрсұлтан Назарбаев» қорының қаржысымен 1300-ден астам ата-ана арнайы оқытудан өткен. Қазақстанда бүгінде аутизмге шалдыққан балалар саны 35 мыңнан асады.
Амангелді Сейітхан