Елімізде баспана бағасы арзандауы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде баспана бағасы арзандауы мүмкін

14.05.2021

Елімізде баспана бағасы арзандауы мүмкін. Монополияға қарсы қызмет 11 құрылыс компаниясынан осыны талап етіп, ескерту жолдады. Оны елемейтін болса, тиісті тексерулер жүргізілмек. Айтуларынша шаршы метр бағасы негізсіз өсіп жатыр. Бұған зейнетақы қорындағы бір триллион теңгеден астам қаржының жылжымайтын мүлік нарығына құйылуы әсер еткен. Өзге экономикалық фактор жоқ. Ал бұған дейін Құрылысшылар одағы бағаның көтерілуіне материалдардың қымбаттауы себеп деген еді. Енді пәтер құнын арзандатпайтын болса, соны монополияға қарсы қызметке дәлелдеуі тиіс. 

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу