Екпенің екінші компоненті үшін вакцина жеткілікті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екпенің екінші компоненті үшін вакцина жеткілікті

14.05.2021

Екпені 21-ші күні салдырамын деушілерге медициналық ұйымдар қарсылық көрсетпеуі тиіс. Бас санитардың қаулысына сәйкес, қазақстандықтардың 21-ден 90 күн аралығында вакцина алуына болады. Министрліктің хабарлауынша, екпенің екінші компонентін алатындар үшін вакцина жеткілікті. Қазір «Спутник V» вакцинасының 220 мың дозасы бар. Осы аптада тағы 400 мың доза жеткізілмек. Отандық екпенің 28 мың, Хаят-вак екпесінің 350 мыңдай дозасы өңір-өңірге таратылды. Оларды емханаларға жеткізу жұмыстары жоспарға сәйкес жүріп жатыр. 

екпе ковид

Хабарламаларға жазылу