Индонезияда аптасына 10 млн адам вакцина салдырып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Индонезияда аптасына 10 млн адам вакцина салдырып жатыр

23.09.2021

Индонезияда аптасына 10 млн адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырып жатыр. Эпидемиологтардың мәліметінше, бұл елде инфекцияның тарауы желтоқсанда өршуі мүмкін. Сол себепті үкімет вакциналау науқанын жылдамдатып жатыр. Индонезиялықтардың 35 пайызы иммундалған. Екпенің бірінші компоненті 75 млн адамға салынса, екінші дозасын 45 млн адам алған. 

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу