Түркістан облысында ашынған жұрт төрт түлігін ауыл әкімдігіне айдап әкелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында ашынған жұрт төрт түлігін ауыл әкімдігіне айдап әкелді

11.05.2021

Түркістан облысы Қазығұрт ауданына қарасты 4 ауылдың тұрғындары қорасындағы төрт түлігін бүгін ауыл әкімдігінің ауласына айдап әкелді.

Өйткені елді мекендердегі он мыңнан астам малдың жайылатын жері қалмаған. Жұрт несібесін айырып отырған ірі қарасы мен қой ешкісін қорада қамап ұстауға мәжбүр. Ауылдағы ағайынның ашу ызасын тудырған да осы жәйт. Ауыл округіне қарасты Сынтас, Жұмысшы, Қарабау және Үш бұлақ ауылының 5 жарым мың гектар жері жекешелендіру кезінде ауыл шаруашылығы министрлігі ғылыми білім беру орталығының қарамағына берілген. Содан бері астықтың элиталық тұқымын өндіретін шаруашылық ретінде жұмыс жүргізіп келеді. Аудан әкімдігіндегілердің айтуынша, енді бұл мәселені оңтайлы шешу үшін тұрғындар өздері кооператив құрып, жерді сенімді басқаруға алуы қажет. Алайда бұл процедураның өзі тым ұзаққа созылатын түрі бар.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу