Президент Ақтоғай кен байыту комбинатын Тәуелсіздік күні қарсаңында іске қосуды тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Ақтоғай кен байыту комбинатын Тәуелсіздік күні қарсаңында іске қосуды тапсырды

11.05.2021

Мемлекет басшысы KAZ Minerals тобы директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачукті қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ақтоғай кен байыту комбинаты құрылысының екінші кезеңі туралы ақпарат берілді. Заманауи және цифрлық технологиялар қолданылатын нысан пайдалануға берілгеннен кейін, әлемдегі мыс концентратын өндіретін ірі кәсіпорындардың қатарына қосылуға мүмкіндік алады. Жобаға 1,2 миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция салынады. Мұнда қосымша 1200 жаңа жұмыс орны ашылады. Президент комбинаттың құрылысын аяқтап, Тәуелсіздік күні қарсаңында іске қосуды тапсырды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа жұмысшыларға жасалып жатқан жағдай жайында, атап айтқанда, оларды баспанамен, азық-түлікпен қамтамасыз ету, бос уақыттарын тиімді өткізуді ұйымдастыру туралы баяндалды.


Хабарламаларға жазылу