Қылмыстық іске қатысы бар тұлғалар тергеліп, сексеуілдің қайдан және қандай мақсатта шабылғаны анықталуда. Былтыр да облыс орталығындағы мейрамхандан 5 тонна сексеуіл табылған болатын. Қазақстанда аталған өсімдікті шабуға және сатуға тыйым салынған. Оны негізінен шөлейтті аймақтарда құм көшкінін тежеу үшін егеді. Емдік қасиеті де бар. Соңғы 20 жылда елдегі сексеуіл алқаптарының көлемі 4 есеге кеміп кеткен.
Айгерім Ибатуллаева, облыстық Полиция департаменті Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімі басшысының м.а.:
- Аталған дерек Ақтау қалалық Полиция басқармасына ҚР ҚК 399-бабымен тіркелді. Сексеуіл өсімдіктің сирек кездесетін түріне жатады. 4 жыл бұрын Қазақстандағы мемлекеттік орман қорығы аумағында сексеуілді шабуға мараторий жарияланған және ол тағы 5 жылға азарды.
Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.