Таяу Шығыста қарулы жанжал қайта өршіп барады. Өткен тәулікте палестиналық қарулы топтар Газадан ондаған ракета жібергенде, Израиль армиясы олардың нысандарына әуеден соққы берді.
Соңғы мәліметке қарағанда, Израильдің шабуылынан Газада 24 палестиналық мерт болды. Солардың тоғызы – бала. Ал, Иерусалимде Израиль қауіпсіздік күштерімен қақтығыста 700-дей палестиналық жараланған.
Аймақтағы ахуал бірнеше аптада бері шиеленісіп келеді. Жанжалға Израиль үкіметінің Шығыс Иерусалимнен бірнеше араб отбасын күшпен көшіру әрекеті себеп болған. Сонымен қатар, өткен жұмада әл-Акса мешітінің жанында палестиналықтар мен израильдіктердің қақтығысуы да жағдайдың қиындауына түрткі болып отыр.
Арыстан Рысбек