Нарыққа төрт жылдан соң 1 млн-ға жуық жұмысшы қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нарыққа төрт жылдан соң 1 млн-ға жуық жұмысшы қажет

06.05.2021

Нарыққа төрт жылдан соң 1 млн-ға жуық жұмысшы қажет. Еңбек ресурстарын дамыту орталығының сарапшылары осындай болжам жасады. Жұмысшыларға 5 жылда сұраныс артып, бірқатар салаға 1 млн 200 мың кадр керек. Әсіресе өнеркәсіп, аграрлық сектор мен білім беру саласында қызмет ететін азаматтарға сұраныс артады. Мамандардың айтуынша, нарыққа келетін 330 мыңнан аса кадр зейнетке шыққан адамдарды алмастырады. Ал жұмыссыздық деңгейі 4,7 процентті құрайды. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу