Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады.
«Тәуелсіздік жылдарында еліміздің Қарулы күштері мемлекетіміздің тұрақтылығының, аумақтық тұтастығы мен әскери қауіпсіздігінің кепілі болды. Бүгінде біздің ең басты құндылығымыз – тәуелсіздігімізді қорғай алатын қуатты да айбынды армиямыз бар. Отан қорғаушыларды және барлық қазақстандықтарды осы мерекемен құттықтаймын! Баршаңызға мықты денсаулық, тыныштық пен бақ-береке тілеймін!» - деген құттықтауы Елбасының ресми сайтында жарияланды.
Оңғар Алпысбайұлы