Қарағанды облысында мешіттерге далада ұжымдық іс-шаралар өткізуге рұқсат етілді. Бұл шешім бас мемлекеттік санитар дәрігердің жаңа қаулысына сәйкес қабылданды. Сондай-ақ, вакциналау паспорты және соңғы үш күнде алынған ПТР тесттің теріс нәтижесі бар азаматтарға, медициналық-әлеуметтік нысандарға баруға рұқсат. Жүкті әйелдер мен жағдайы ауыр науқастар медициналық ұйымға зертханалық тексеру нәтижелерін күтпей-ақ кіре алады. Сондай-ақ, жаңа қаулы аясында өңірде «Ashyq» пилоттық жобасы іске асырылатын мәдени және кәсіпкерлік нысандарда жұмыс уақыты ұзартылды.
Руслан Нұрланұлы