СҚО-да демалыс күндері 286 адамнан КВИ анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО-да демалыс күндері 286 адамнан КВИ анықталды

25.10.2021

Солтүстікқазақстан облысында өткен демалыс күндері 286 адамнан КВИ анықталды. Стационарлар 53 пайызға толған. Ал Ақтөбе облысында эпид ахуал, керісінше, жақсара бастады.

Аймақтың бас санитар дәрігерінің қаулысымен карантиндік шектеу шаралары жеңілдетілді. Мұражайлар мен кітапханалар және Халыққақызмет көрсету орталығы, пошта бөлімшелері де ашық.

Қоғамдық көліктер жолушыларды орын санына сай тасымалдай алады. Дегенмен тұрғындар дәрігерлерге көріну үшін медицина мекемелеріне алдын ала жазылуы тиіс.

Сондай-ақ, отбасылық шараларды банкет залдарына 50 адамнан асырмай өткізуге мүмкіндік бар. Соңғы тәулікте облыс бойынша 25 адам КВИ жұқтырған. Ал екпе алған тұрғындар саны 331 мыңға жуықтады.


СҚО КВИ

Хабарламаларға жазылу