Алматылықтар COVID-19 арналған сақтандыру полисін жаппай сатып ала бастады. Былтырдан бері бір компанияның өзінен мыңнан аса адам денсаулығын сақтандыру жөнінде келісімшарт жасасқан. Мамандар мұны індеттің өршуімен байланыстырып отыр. Қаладағы бір компания биыл коронавирус жұқтырған 8 адамға 2 млн 400 мың теңге төлеген. «Коронапротек» деп аталатын әлеуметтік бағдарлама 1 жыл бұрын енгізілді. Кемі алты айға дейінгі сақтандырудың бағасына қарай үш түрлі пакеті бар.
Динара Жігітекова, Сақтандыру компаниясының өкілі:
Ең төменгі бағасы 4900 теңгеден басталады. Ең қымбаты 24 500 тұрады. Ауырып қалса ауруханада жатып емделген кезде ең төменгі баға 100 мың көмек алады.
Ақерке Бектас