Жыл басынан бері жұмысынан айырылған азаматтар мемлекеттен әлеуметтік төлем алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыл басынан бері жұмысынан айырылған азаматтар мемлекеттен әлеуметтік төлем алды

22.08.2023

Жыл басынан бері жұмысынан айырылған 120 мыңнан аса адам мемлекеттен әлеуметтік төлем алды. Оның 111 мыңына төлем алғаш рет тағайындалған. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жұмыстан босатылған жұмыскерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады. Төлем жоғалған кірістің 45 пайызына дейінгі мөлшерде Мемлекеттік Әлеуметтік Сақтандыру қорының есебінен жүзеге асырылады. Айта кетейік, мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасын іске асыру мақсатында 2023 жылғы 1-қаңтардан бастап жоғалған табысты алмастыру коэффициенті 40-тан 45 пайызға дейін ұлғайтылған болатын.

Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу