Мұнайлы ауданының тұрғындары 3 жылдан бері түтінге тұншығып отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұнайлы ауданының тұрғындары 3 жылдан бері түтінге тұншығып отыр

05.05.2021

Ақтауға іргелес орналасқан Мұнайлы ауданының тұрғындары 3 жылдан бері алпауыт компаниядан шыққан түтінге тұншығып отыр.

Тұрғындардың айтуынша, жақын маңда тұратын халық зардап шегуде. Ал, экология департаменті аталған аумақтағы ауаның құрамын тексеруге енді кірісті.

Қалижан Исатаев,   шаруа қожалығының иесі:
Жел болмай қалған жағдайда ауада газдың иесі шығып тұрады. Қай жерде болмасын осы Мұнайлы ауданында. 
Ержан Жұмашев,   облыстық экология департаменті бақылау бөлімінің басшысы:
«ҚазТрансГаз Аймақ» мекемесіне жоспардан тыс тексеріс ашылды. Ластаушы заттардың шығындыларын тоқтататын боламыз, Қандай ластаушы заттар таралғанын, біздің лабараториямыз бар содан сынаманың қорытындылары бойынша ондай ақпарат беріледі.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу