Сарапшылар теңгенің нығаятынын айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшылар теңгенің нығаятынын айтты

30.04.2021

Валюта бағамына тоқталсақ. Бүгін теңге долларға шаққанда сәл арзандады. Қазір АҚШ ақшасы 429, еуро - 518, рубль - 5 теңге 70 тиын.

Сарапшылар ұлттық ақшамыздың алдағы күндері нығаятынын болжап отыр. Айтуларынша қазір әлемдік қаржы алаңдарында дамушы елдердің активтеріне сұраныс артып келеді. Әрі доллардың индексі төмендеп жатыр. Оның үстіне мұнайға сұраныстың артуы теңгенің нығаюына әсер етуі мүмкін.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу