Қазақстан-Канада сауда айналымы 730 млн долларға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан-Канада сауда айналымы 730 млн долларға жетті

24.11.2022

Биыл Қазақстан мен Канаданың сауда айналымы 730 млн долларға жетті. Ал канадалық инвесторлар біздің ел экономикасына 385 млн доллар құйған. Канада Премьер-Министрінің Еуро одақ және Еуропа бойынша арнайы уәкілі, Канаданың Франциядағы Елшісі Стефан Дионмен кездескен Үкімет басшысы ынтымақтастықтың одан әрі нығаятынын айтты. Әлихан Смайылов екі елдің жүк транзиті мен жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін мүмкіндік көп деп есептейді. Ал Стефан Дион қазақстандық тарапты Президент сайлауының сәтті өтуімен құттықтап, әлеуметтік-экономикалық реформаларға қолдау білдірді.

Ақерке Бектас


Хабарламаларға жазылу