Израильде діни фестиваль кезінде 44 адам аяқ астында тапталып қаза тапты. Тағы 150-дей тұрғын жараланып, госпитальге жіберілген.
Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, мерекелік шараға 100 мыңдай адам жиналды. Премьер-министр Биньямин Нетаньяху қайғылы оқиғаны «ұлы трагедия» деп атады.
Байбаламның неден басталғаны әзірге белгісіз. Кейбір хабарларға қарағанда, мінбер құласа керек. Бірақ, елдің төтенше жағдай қызметі адамдардың тапталудан қырылғанын мәлімдеп отыр.
Арыстан Рысбек