Батыс Қазақстанда екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне 1 млн теңгеден беріледі. Бүгінде өңірде 40 майдангер бар. Ленинград қоршауында болғандар мен кезінде тұтқындалғандарға - 120 мың, тыл еңбеккерлері мен майдангерлердің жесірлеріне 30 мың теңгеден көмек берілмек. Сондай-ақ ардагерлер мен оларға теңестірілгендерге ай сайын 15 мың теңге көлемінде коммуналдық қызмет ақысы төленеді. Осылайша Жеңістің 76 жылдығына барлығы 5 мың жарым адамға жергілікті қазынадан 212 млн теңге бөлінді.
Ардақ Мұратқызы