Ақтөбелік кәсіпкерлер облыстың «қызыл» аймақта болғанына қарамастан «Ashyq» жобасы бойынша жұмысын жалғастырып жатыр. Мобильді қосымша нысанға келушілердің эпидемиологиялық мәртебесін анықтап, қызметкерлермен өзге де тұтынушылардың қауіпсіздігіне кепілдік береді. Сондай-ақ, науқаспен қарым-қатынаста болған келушілерді анықтайды. Тұрғындар қосымшаны жүктеп, өзі туралы мәліметтерді толтырады. Жеке сәйкестендіру нөмірін енгізіп, кіреберістегі QR-кодты сканерлейді. ПТР ортақ базасы арқылы сол мезетте-ақ, келушінің эпидемиологиялық статусы белгілі болады. Мамандардың есебі бойынша, жаңа жобаның арқасында 200-ден астам кәсіпорын өз қызметін қайта бастауы тиіс.
Жақсыбек Кемал