АҚШ президенті Джо Байден алғаш рет президент ретінде Конгресс алдында сөз сөйлеп, Қытаймен бәсеке үшін 1,8 триллион доллар сұрады. Сондай-ақ Америка демократиясының қайта көтеріліп келе жатқанын және Бейжіңмен, Мәскеумен қатынастарда адам құқықтарын қорғауды алдыңғы қатарға қоятынын атап өтті. Ақ үй басшысы стратегиялық қарсыластарымен ынтымақтасып жұмыс істеуі мүмкін екенін де жоққа шығармады. Осыған дейін Байден Шыңжаңдағы ұйғырлар мен өзге де мұсылмандарды геноцидке ұшыратты деп Қытай үкіметін айыптаған еді. Бейжің болса, мұны жоққа шығарумен келеді. Ертең Байденнің билікке келгеніне тура 100 күн толады. Осыған орай жасаған үндеуінде Америка лидері пандемиямен күрес, Құрама Штаттар экономикасын жандандыру, нәсілшілікке қарсы тұру мәселелеріне де тоқталды.
Арыстан Рысбек