Солтүстік Қазақстан облысындағы «Красный бор» арнайы табиғи аумағында жабайы аңдар қырылып жатыр.
Әлеуметтік желіге бейнежазбаны осы мекеменің қызметкері салған. Ол мемлекет қорғауына алынған жабайы аңдардың күтіміне бөлінген қаржының мақсатсыз жұмсалып жатқанын айтады. Қараусыз қалған аш жануарлар жабайы иттердің құрбанына айналған.
«Красный бор» табиғи аумағының жалпы көлемі 62 мың гектардан асады. Онда елік, қабан, бұғы, түлкі, қарсақ пен түрлі құстар мекен етеді. Жем-шөпке жыл сайын 4 млн теңге бөлінеді. Табиғи аумақ басшылығы оның жеткіліксіз екенін айтады. Аңдардың жаппай қырылуына байланысты облыстық прокуратура тексеруді бастады.
Эльмира Кәленова