Түркістан облысы Бәйдібек ауданында қызғалдақ жұлғаны үшін 9 млн теңге айыппұл төлейді деген шымкенттік тұрғын жазадан мүлдем құтылуы мүмкін. Бұл туралы өңірлік Полиция департаменті баспасөз қызметі мәлімет таратты. Полицейлердің сөзінше, табиғатқа зиян келтірген шымкенттікке қатысты қылмыстық іс нақты шешім қабылдау үшін облыстық прокуратураға жолданған. Жалпы биыл Бәйдібек ауданында сирек кездесетін гүлді жұлудың үш дерегі тіркелген. Ал, өткен жылы гүлді жұлудың 7 дерегі тіркеліп, 6 адам әр талы үшін 1458 теңгеден айыппұл төлеген.