Павлодарда триаж орталығы науқастарды қабылдамай жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда триаж орталығы науқастарды қабылдамай жатыр

27.04.2021

Павлодарда науқастар саны көбейіп барады. Қаладағы триаж орталығында қазірдің өзінде орын жоқ. 180 адамға лайықталған аурухана бірнеше күннен бері науқастарды қабылдауды тоқтатқан. Өткен аптада орталық күніге 50 адамға дейін сырқаттарды қабылдаған. Адамдар ауруын асқындырып алып барып дәрігерге жүгінеді, қазір ауызашар, отбасылық жиындарға барып жұқтыру дерегі одан бетер көбейді дейді мамандар. Ауруханада бүтіндей бір отбасылармен ем алып жатқандар бар.

Нәзира Смағұлова,     Триаж орталығының бөлім меңгерушісі:
Әсіресе бейсенбі күннен бастап біз осы орталыққа қабылдай алмаймыз. Өйткені орталығымызда орын жоқ.  Бір отбасынан 3-4 адам, анасы, баласы, қызы, келіндерімен жатқан отбасылар бар.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу