LRT ісі бойынша сот процесі ертең де жалғасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

LRT ісі бойынша сот процесі ертең де жалғасады

27.04.2021

Атышулы LRT ісі бойынша сот тергеуі қайта жалғасты. Өйткені, айыптаушылар мен олардың туыстарының жеке мүліктеріне қатысты күмән туған. Нақтырақ айтсақ, күдіктілердің туыстарының атында қымбат автокөліктер мен бірнеше жер учаскелері тіркелген. Сотта осы мүліктердің қандай қаржыға сатып алынғаны анықталып жатыр. Алайда, адвокаттар судья Қажымұқан Мекемтасқа қарсылық танытып, оны алмастыруды талап етті. Өтініш қабылданбады. Онлайн жауап алу Нұр-Сұлтанда өтіп жатыр. Сот процесі ертең де жалғасады. Естеріңізге салайық, «Астана LRT» ісіне қатысты 7 адам тергелуде. Оларға компанияның бұрынғы директоры Талғат Ардан мен елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековке 6 миллиард теңгені жымқыруға сыбайласты деген айып тағылып отыр.

Асима Нұрбайқызы


Хабарламаларға жазылу