Cәуір айында Шымкентте КВИ жұқтырғандар саны 4,5 есеге өскен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Cәуір айында Шымкентте КВИ жұқтырғандар саны 4,5 есеге өскен

27.04.2021

Өткен жылдың сәуір айымен салыстырғанда Шымкент қаласында коронавируспен ауырғандар саны 4,5 есеге өскен. Эпидемиологиялық зерделеу барысында науқастанғандардың үштен бірі ауырған адаммен қарым-қатынаста болғаны анықталды. Ал қалғандары карантиндік сақтық шараларын сақтамағандар. Олар қауіпті вирусты ірі сауда орындары, дүкендер мен базарларда және қоғамдық көліктерде жұқтырған. Сондай-ақ соңғы кездері инфекция жұқтыру дерегі мекемелер мен ұжымдарда көптеп тіркелуде. Қазір шаһардағы 31 мектепте оқу процесі тоқтатылып, карантинге жабылды. Жыл басынан бері 300-ден астам оқушы жұқпалы ауруға шалдыққан. Сондай-ақ 58 медициналық мекемеде инфекция ошағы табылып, науқастанған 86 дәрігер оқшауланды.

Әбдіманап Төлебаев, Шымкент қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:
Сонымен қатар Шымкент қаласындағы ауырған науқастар ішінен британиялық, оңтүстік африкалық және бразилиялық өте ауыр түрлері анықталып отыр. Бұл тікелей өлім жағдайына әкелетіні мәлім.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу