Қазақстанда коронавирустың таралуы төмендеп келеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.
Айтуынша, ауру жұқтырудың күн сайынғы өсімі наурыздың соңындағы 46%-дан өткен апта ішінде 8%-ға дейін төмендеген.
Өлім-жітім өсімі де өткен аптада алдынғымен салыстырғанда 30%-дан 8%-ға дейін азайды.
Десе де эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанымен, 10 өңір әлі де «қызыл» аймақта тұр.
Науқастану көрсеткіші бойынша әлемдік рейтингіде Қазақстан 221 елдің ішінде 108-орында, ал өлім-жітім бойынша 107-орында тұр.