1998 жылы Азияда қаржы дағдарысы болып, экономикасы әлсіз Қазақстанды советтік жоспарлы экономика дағдысымен басқару тіпті де мүмкін емес болып қалды.
Сол жылы жоғары атқарушы билікке «жас түріктер» деген жас буынның келетіні. Ораз Жандосов, Сауат Мыңбаев, Мұхтар Әбләзов, Мұхтар Жәкішев, Нұрлан Қаппаров сияқты азаматтарға тарихи миссия жүктелген еді.
1998 жылы жаңа зейнетақы жүйесі енгізілді, зейнетке шығу жасы ұзартылды. 1998 жылы Астана Ақмолаға көшті. Ақмола Астанаға айналды. Атауы да.
«Тәуелсіздікке 30 жыл» айдары, 1998 жыл. Нұрлан Асқардың кезекті материалы.
Нұрлан Асқар, тілші:
1998-де «Азиялық дағдарыс» бізге әсерін тигізбей қоймады. Премьер Балғымбаевтың Үкіметі дағдарып қалды. Өйткені советтік жоспарлы экономикаң түкке жарамай қалады. Сөйткенде президент жаңа үкімет құрады. Бұған дейін бизнесте жүрген кісілер министр боп, билікке келеді.
Сол жылы кезектес тыс Президент сайлауы өтті. 99-дың 10-ші қаңтарына белгіленді. 4 үміткер шықты.
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі, коммунистік партия атынан Серікболсын Әбділдин, Кеден комитетінің төрағасы қызметін атқарып жүрген Ғани Қасымов және сенат депутаты болған Энгельс Ғаббасов. Ал кандидат болып тіркелуге өтініш берген экс-премьер Қажыгелдин «әкімшілік құқық бұзғаны» сайлаудан шеттетілді.
Айтпақшы, «Аттан Қазақ» деп ұрандатқан Амантай қажы да кандидаттыққа өзін ұсынған еді.
99-дағы сайлаудың саяси хайпын сол тұста Қасымов жасады. Журналистің мұқата қойған сауалына, Қасымов ұшып түрегеліп, құмыра сындырды. Кейін бұл «әдейі ұйымдастырылған сцена» деп сипатталды. Сайлау өтті. Қасымов 4,6 пайызға ие болды. Серікболсын Әбділдин 11,7 пайыз. Нұрсұлтан Назарбаев 79,78 пайыз иеленді.
98-де Ақмоланың атауы ауысты. Бірден Астана делінбеді. Қызу талқы, талай ұсыныс айтылды. Анығы Ақмола боп қалмайтын еді.
Амангелді Қашқынбаев, тарих ғылымдарының докторы, доцент:
Ақмола деген жоқ. Бұл зиратты меңзеп тұрған жоқ. Айтып тұр, бұл қасиетті мекен деп. Бұл жерде біздің бабалар жерленген. Солар тұрған деген сияқты.
Нұрлан Асқар, тілші:
«Ақмоланың атауы, «Қазақстан» боп қалар еді. Өйткені 97-нің сәуірінде Президент аузынан осындай ұсыныс шығып қалады. Оны сол тұста бірқатар басылымдар жарыса жазған еді. Пікір айтылды. Таңдау – халықта! – деп қорытады».
Нұрлан Асқар, тілші:
«Елбасы Ақмолаға қонып, аэропорттан келе жатқанда, сол кездегі премьер Нұрлан Балғымбаев және Әділбек Жақсыбековке көлік ішінде осы атауды ұсынып көреді».
Айтпақшы, елордамыз Алматыдан Ақмолаға ауысқанда-ақ, екі ортадағы жұрт-шенеунік Арқаның шаһарына «солтүстік Астана» дегенді айтып жүретін. Алматыны «Оңтүстік» деп қимай жүрді.
Оразгүл Асанғазы, Мемлекет және қоғам қайраткері:
«Елдің әлеуметтік жағдайын жақтарту үшін бірден екі аудан құрылды. Бірі Сарыарқа, бірі Алматы аудандары. Көшелердің аты берілді, әр көшеден тағайындалған төрелер қабырғаларды өздері қолмен бояп шықты».
Амангелді Қашқынбаев, Тарих ғылымдарының докторы, доцент:
Астананың орны қасиетті мекен болғаны анық сияқты. Өйткені Бозоқтың, Қараөткелдің де осы жерден табылуы тегін емес.
Григорий Марченко, Президенттің штаттан тыс кеңесшісі: (1997-1999ж)
1996 жылдың соңында жүйедегі обьективті жағдай айқын көрінді. Бізде зейнеткерлерге 500 млн доллар көлемінде қарызымыз болды. Бұл сол кездегі бюджет үшін тым үлкен қаражат. Тіпті еліміздің кей облыстарында пенсия жарты жылға дейін берілмей қалды.
97-те елде 2,9 млн зейнеткер тіркелді. Бұл жалпы жұрттың 17 пайызы.
Исатай Қамбаров, экономист:
Соның зардабын шеккен зейнеткерлер өз алдына. Сосын әлеуметтік көмек алатын отбасыларға да өте ауыр тиді.
Алдыңғы жылдары – мысалы, 95-те зейнетақы көлемі инфляция кесірінен 3 рет қайта қаралған еді. Сосын 45 млрд теңге бюджеттен бөлінді. Кейін бірнеше айдан соң бюджетте жәй ғана ақша таусылып қалады. Мұндай форс-мажор 98-дегі зейнетақы реформасын жасағанда әбден қаралды. Сөйтіп Чили моделін құптадық. Ендігі таратушыдан, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне ауыстық. Демек, әр азамат айма-ай табысының 10 пайызын зейнетақы қорына құйып отыруы тиіс болды.
Григорий Марченко, Президенттің штаттан тыс кеңесшісі: (1997-1999ж)
Ол жерде дискуссия болды. Заң жобасын сол кездегі мәжіліс төрағасы болған Марат Оспановтың өзі әбден сынады. Екеуміз сөз таластырдық. Ол тіпті мені жиналыс залынан шығарамын - деуге дейін барды. Ондай да болды. Дегенмен, пікірталас конструктивті әңгімеге көшіп, нүктесі қойылды.
Сапарбай Жұбаев, экономист:
Мемлекет тек қана іргелі дейміз. Ең минимальды мөлшерін қамтамасыз етеді. Ол барлығына беріледі. Ал сенің жинаған ақшаң көп болса, көп аласың, аз болса, аз аласың. Өзіңе байланысты болды.
Жаңа зейнетақы реформасын 3 мекеме жүргізді. Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық, Жинақтаушы зейнетақы қоры және ұлттық зейнетақы агенттігі. Айтпақшы осы 98-де зейнет жасы өсті. Ерлер – 63-тен, әйелдер 58 жастан бастап зейнетке шығады.