Түркияда Thodex криптовалюталық биржасына алаяқтық жасады деген айып тағылып, 62 адам тұтқындалды. Бұл қаржы алаңы кеше сауданы еш ескерутсіз тоқтатқан. Салдарынан 391 мыңнан астам адам жеке шоттарына кіре алмай, шамамен 2 миллиард доллар жымқырылды деген күдік бар. Ал Thodex-тің бас директоры Фарук Фатих Өзер сәуірдің 20-да елден кетіп, әлеуметтік желілердегі парақшаларын өшіріп тастаған. Оқиғаға байланысты Ыстамбұл бас прокуратурасы тегеу жүргізіп жатыр. Өткен аптада ел үкіметі криптовалютамен сауда-саттық жасауға тыйым салған соң, түрік қор нарығында тұрақсыздық пайда болған.
Жансая Қапасқызы