Эпидахуалдың ушыға түсуіне байланысты Қызылорда облысында барлық қызметкерлердің 80 пайызы қашықтан жұмыс істеуге көшті. Карантин талаптары Ақтөбеде де кезекті рет қатаңдатылды. Өңірде балаларға арналған сауықтыру лагерьлері мен білім беру мекемелеріндегі асханалар жұмысы тоқтатылды.
Сондай-ақ,картингтер мен электромобильдерді және скутерлерді жалға беруге тыйым салынды. 26-сәуірден бастап 300 балаға дейінгі мектептер түгелдей қашықтан оқуға көшеді. Алайда ғаламтор желісі жоқ елді мекендердегі оқу процесі бұрынғысынша жалғаса береді. Облыста вирус жұқтырғандар саны 8 мыңнан асып кетті.Соңғы күндері науқастанғандар саны 100-ден төмендемей тұр.
Жақсыбек КЕМАЛ