Елімізде 1,5 млн адамның несие тарихы тазартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 1,5 млн адамның несие тарихы тазартылды

22.04.2021

Елімізде 1,5 миллион адамның несие тарихы жаңартылды. Осы уақытқа дейін «қара тізімде» болғандар енді қайтадан несие немесе ипотека рәсімдей алады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметі бойынша тарихы тазарғандардың басым бөлігі 2006-2007 жылдары несие алып, кейін төлей алмай қалғандар. 90 күннен кейін банктер оларды «қара тізімге» енгізген еді. Несиесі оңалтылғандардың тізімінде бар жоғын азаматтар кредиттік бюроға хабарласып біле алады.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу