Тағы да қымбатшылық. Бүгін Ұлттық статистика бюросы жыл басынан бері әлеуметтік азық-түлік бағасының төрт пайызға өскенін хабарлады. Зерттеу нәтижесіне қарасақ, картоп - 14, сәбіз - 13, ал жұмыртқа құны 12 процентке қымбаттаған. Сондай-ақ күріш бағасы да 4,1 пайызға өсіп отыр. Күнбағыс майының құны да айтарлықтай шарықтаған. Бағаны тұрақтандыру үшін ірі сауда орындарымен келісім жасалып, шекті бағалар белгіленіп жатыр.
Досжан Маратұлы