Пәкістанда жойқын жарылыстан 4 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пәкістанда жойқын жарылыстан 4 адам қаза тапты

22.04.2021

Пәкістанның Кветта қаласындағы люкстік отель маңында алапат жарылыс болып, кемінде 4 адам қаза тапты. Тағы 12-сі жараланған. Болжамдарға қарағанда, «Талибан» қозғалысы мойнына алған шабуыл – Қытай елшісіне жасалған қастандық болуы мүмкін. Алайда, көліктің күлі көкке ұшқан сәтте Бейжіңнің өкілі Нон Рон қонақүйде болмаған. 

Айта кетсек, Кветта Белуджистан провинциясында орналасқан. Бұған дейін мұндағы содырлар Пәкістан үкіметі мен Қытайды аймақтың газы мен өзге минералдық байлығының игілігін жергілікті халыққа көрсетпей отыр деп айыптаған еді.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу