Ауыл шаруашылығы өнімдері 5%-ке қымбаттауы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауыл шаруашылығы өнімдері 5%-ке қымбаттауы мүмкін

21.04.2021

Жанар-жағармайдың қымбаттауы азық-түлік бағасына әсер етуі мүмкін. Өнеркәсіп пен кәсіпкерлер одағы өкілдерінің айтуынша, ауыл шаруашылығы өнімдері 5%-ке қымбаттайды. Бензин бағасының өсуі тауардың құнына жанама әсер ететінін жеткізді. Тасымалдаушылар мен арадағы делдал енді қымбат тұратын жанармай құнын қоса есептеуі мүмкін. Елде АИ-92 маркалы бензин литрі 184 теңгеге дейін жетті. Өткен айда ақпанға қарағанда 5%-ке қымбаттады.

Ақерке Бектас


Хабарламаларға жазылу