Алматыда қауіпті індет балалар арасында өршіп тұр. Қазір қаладағы балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында 71 бүлдіршін ем алып жатыр. Салыстырмалы түрде олардың басым бөлігі 1 жасқа толмаған сәбилер. Абырой болғанда, барлығының жағдайы қанағаттанарлық.
Жалпы вирустың балалар арасында өршуі өткен айдағы мерекелерден кейін басталған. Зерттеулерге сәйкес, көпшілігі бұл ауруға үй жағдайында шалдыққан дейді мамандар. Сондықтан дәрігерлер 18 жасқа дейінгі балаларға вакцина салынбайтынын ескере келе, ата-аналарды барынша сақтануға шақырып отыр.
Айнұр Уәлиева, Балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:
Құрметті ата-аналар! Балалардың ауырмауы тікелей сіздерге байланысты. Балаларға жұқтырып жатқан ата-аналары. Сондықтан жұқтыру тізбегін үзуіміз керек.
Нұрхан Нұрланұлы