Полиция мен көлік иелері бұған қатысты қандай да бір дерек ұсынған адамға сыйақы беретінін мәлімдеді. Нақтырақ айтсақ, құрышты қаланың 9-шы шағын ауданында Toyota Land Cruiser Prado жол талғамайтын көлігі қасақана өртелген. Сондай-ақ, қаланың 70-ші кварталында Hyundai көлігіне де от қойылған. Toyota Avensis «темір тұлпары» да жанып кеткен. Өрт сөндірушілер бұл қасақана ұйымдастырылған қылмыс деп отыр. Барлық өртенген көліктердің иелері - кәсіпкерлер мен ірі коммерциялық компаниялардың қызметкерлері. Қазір бұл жағдайда қатысты полиция қылмыстық іс қозғаған.
Жанатай Сембеков, облыстық ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы:
- 3 қаңтарға қараған түні Теміртау қаласының үш тұрғынынан өздеріне тиесілі көліктерін өртеп, зақымдағаны жөнінде арыз-шағымдары түсті. Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.