Парламент депутаттары ТМД ПА кеңесінің отырысына қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Парламент депутаттары ТМД ПА кеңесінің отырысына қатысты

16.04.2021

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған Парламент депутаттары ТМД Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің отырысына қатысты. Онда байқаушылардың биыл 10 қаңтарда өткен Парламент сайлауына жүргізген қорытындысы бойынша есебі қаралды. Сенат төрағасы алдағы уақытта да Мемлекет басшысының жаңғыру бағдарын іске асыру аясында Қазақстандағы саяси жүйені жетілдіру жұмыстары жалғаса беретінін айтты. Сондай-ақ ол бірқатар екіжақты кездесу өткізді.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Cенатының төрағасы:
Өткен сайлау елде іске асып жатқан саяси реформалар аясында маңызды кезеңге айналды. Бұл жолы тек Парламент Мәжілісінің депутаттары ғана емес, сонымен бірге жергілікті мәслихаттардың да депутаттары партиялық тізіммен сайланды. Мемлекет басшысының бастамасымен алғаш рет партиялық тізімде әйелдер мен жастарға арналған 30 пайыздық квота қарастырылды.

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу