Елбасы Асқар Мамин мен оның бірінші орынбасары Алихан Смаиловты қабылдады. Кездесу барысында «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасын іске асыру барысы туралы айтылды. Сондай-ақ, Елбасыға елдің 3 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші туралы баяндалды. Экономиканың ннегізгі салаларының барлығында өсім байқалады. Егер осы тенденсияны ұстап тұра алсақ жыл соңына дейін жалпы ішкі өнім 3,1 пайызға дейін өспек.
Сондай-ақ, үкімет басшысы нақтыланған республикалық бюджет туралы баяндады. Елбасы экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз ететін жүйелі жұмыстардың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, күрделі эпидемиологиялық кезеңде санитарлық талаптарды сақтаудың және екпе қабылдаудың аса маңызды екенін айтты.
Оңғар Алпысбайұлы