Елбасы «Шәушен» шаруа қожалығының басшысын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы «Шәушен» шаруа қожалығының басшысын қабылдады

04.12.2019

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев «Шәушен» шаруа қожалығының басшысы Сайрамбай Дөненбаевты қабылдады. Кездесу барысында Тұңғыш Президент кәсіпкердің Жамбыл облысындағы әлеуметтік инфрақұрылымға белсене қатысқанын атап өтті. Өз кезегінде, Қазақстанның Еңбек Ері Сайрамбай Дөненбаев Тұңғыш Президентке ауылдар мен ауыл жастарының дамуына көңіл бөліп, қолдау көрсеткені үшін ризашылық білдірді.

Оңғар АЛПЫСБАЙ


Хабарламаларға жазылу