Павлодардың орталық өндіріс аймағында қатты қалдықтардың заңсыз полигоны пайда болды. Куәгерлердің айтуынша, адамдар қоқысты түнде көлікпен әкеліп төгеді. Бұл жөнінде полицияға және экологтарға хабарланған. Бірақ нәтиже жоқ. Осыдан кейін айналадағы өндіріс ошақтары да көлік дөңгелектері мен сынған саймандарды осында тастайтын болған. Теміржол вагондарына жүк артуға келген жұмысшылар да ішкен-жегенін тастап кете береді. Осыдан кейін коммуналдық мекеме қызметкерлері жол бойын тазартуды да қойып алды дейді қала тұрғындары.
Болат Аманбаев