1 мамырдан бастап ерікті түрде зейнетақы жарнасын аудару үшін есепшот автоматты түрде ашылады. Кірісінің бір бөлігін зейнетақы қорына жеке тұлғалармен қатар, заңды тұлғалар да аудара алады. Қаражат сомасы мен қай кезеңде аудару керегін салымшы өзі реттейді. Зейнетақы қорына ақшаны екінші деңгейлі банктер немесе «Қазпочта» арқылы аударуға болады. Айта кетейік, ерікті түрде зейнетақы жарнасын салу кезінде қаражаттан салық шегеріледі.
Ақерке Бектас