Жұмыссыздарға әлеуметтік төлем автоматты түрде тағайындалады - министр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жұмыссыздарға әлеуметтік төлем автоматты түрде тағайындалады - министр

17.11.2020
Жұмыссыздарға әлеуметтік төлем автоматты түрде тағайындалады - министр

Енді электронды еңбек биржасы жұмыс іздеушіге бос вакансияларды автоматты түрде ұсынады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты.

«Енді электрондық еңбек биржасының порталы жұмыс іздеп жүрген адамға дағдыларына сәйкес автоматты түрде бос вакансияларды, «Еңбек» бағдарламасының құралдарын ұсынады. Яғни, шешімді ақпараттық жүйе қабылдайды. Жұмыс табылмаған жағдайда ақпараттық жүйе автоматты түрде адамды жұмыссыз ретінде тіркейді де, оған тиісті жұмыссыздыққа қатысты әлеуметтік төлемді проактивті түрде есептеп тағайындайды. Осылайша, бірнеше қызметті біріктіріп, бизнес процесін жеңілдетіп, біз «цифрлық» жұмыспен қамту орталықтарына көшу жолындамыз», — деді министр Үкімет отырысында.

Жалпы, биыл барлығы 9,5 млн мемлекеттік қызмет көрсетілген. Жыл соңына дейін мемлекеттік қызметтердің 90%-ы электрондық форматқа көшіріледі және 2022 жылы 93%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр. 

Үкімет отырысы әлеуметтік төлем

Хабарламаларға жазылу