Вируспен күресудің жалғыз жолы - екпе салдыру - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вируспен күресудің жалғыз жолы - екпе салдыру

13.04.2021

Ұжымдық иммунитет қалыптастырмай, аурудың таралуын тоқтату мүмкін емес. Медицина мамандары осылай деп отыр. Тек екпе салдыру арқылы ғана біз қалыпты өмірдің қайтып келуіне мүмкіндік тудырамыз. 

Гүлнұр Сағындықова, терапевт:
Вакцина алғаннан кейін организмде иммундық жауап пайда болады. Егер де қандай да бір қоздырғыш организмге түссе, оған қарсы антидене ағзада пайда болады. 

Әсия Тоқсарина, пульмонолог:
Қазір вируспен күресудің жалғыз амалы - екпе салдыру. Вакцинациялау ұжымдық иммунитет қалыптатырады. Қазір екпе салдырып жатқан адамдардың саны да артып келеді. Аурудың таралуына жол бермеу үшін осындай жауапкершілікті әр бір азамат сезінуі тиіс. Сонда біз халық болып вирусқа қарсы тұра аламыз.

Оңғар Алпысбайұлы




вакцина

Хабарламаларға жазылу