Алматылық спортшылар вакцина салдырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматылық спортшылар вакцина салдырды

02.04.2021

Вакцина – вируспен күресудің ең тиімді әрі жалғыз жолы. Осы тәсілдің арқасында індетті тоқтатып, қалыпты күндерге қайта ораламыз.

Осылай деген алматылық спортшылар бүгін өз еркімен екпе салдырып, көпшілікті де соған шақырды. Жалпы спорт саласының өкілдері үшін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында вакцина қабылдайтын арнайы орындар дайындалған.

Руслан Жапаров, спортшы:
Вакцина кезінде ешқандай аурулар болған жоқ.  Бәрі жеңіл өтті.  Бізге бәрін түсіндіріп айтты. Және де бәрі ойдағыдай болады деп ойлаймыз.
Фариза Алдоңғарова,  спортшы:
Вакцинаны өз еркіммен алдым.  Ешқандай өзгеріс жоқ. 

Нұрхан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу