Өз еркімен қару тапсырғандарға 300 мың теңгеге дейін сыйақы төленеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өз еркімен қару тапсырғандарға 300 мың теңгеге дейін сыйақы төленеді

12.04.2021

Тұрғындардың заңсыз қару-жарақтарын сатып алуға бюджеттен 95 миллион теңге бөлінді. Акция 20 сәуірде басталады. Заңсыз сақталған қару мен жарылғыш заттарды өткізген азаматтар әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. Айта кетейік, соңғы 10 жылда 53 мың қару мен 2 млн-нан астам оқ-дәрі сатып алынған. Оған 1 млрд 700 млн теңге жұмсалған. Нәтижесінде, қылмыс азайыпты.

Асылбек Ыдырысов, ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің бөлім бастығы:
 Соңғы 5 жылда қару-жарақты қолдана отырып жасаған қылмыстар саны 50 пайызға азайған. Материалдық өтемақы мәселелеріне келетін болсақ, әр бірлігіне 30 мыңнан 300 мыңға дейінгі сыйақы көлемі белгіленген.

Амангелді Сейітхан

акция ІІМ

Хабарламаларға жазылу