Қарағанды облысында жоғалған кәсіпкерді іздеу жұмыстары жалғасуда. Әзірге оның орта жолдағы өткелден 100 метр жерде суға батқан көлігі ғана табылды. Нұрлан Сүлейменов 8 сәуір күні Кәрім Мыңбаев ауылынан көршілес Тассуат елді мекеніне жолға шығып кеткен. 1958 жылғы азамат шаруа қожалығының басшысы. Оның із-түзсіз кеткені жөнінде полицияға 9-шы сәуір күні хабарланған. Іздестіру-құтқару жұмыстарына тікұшақ та тартылды.
Руслан Нұрланұлы