Маңғыстауда КВИ жұқтырғандар саны бір аптада 3 есе көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда КВИ жұқтырғандар саны бір аптада 3 есе көбейді

09.04.2021

Маңғыстауда соңғы бір аптада коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастар саны күрт өсті. Соның салдарынан өңір бүгін сары аймаққа кірді. Наурыз айының басында күніне шамамен, 7 адамнан вирус анықталса, қазір 30-45 науқас тіркелуде. Ауырғандардың 60 пайызы індетті жақын қарым-қатынас арқылы жұқтырған. Сондай-ақ, үй карантиніндегі науқастардың санитарлық талаптарды сақтамауынан да вирус тез тарауда. Қазір стационарда 147 адам емделуде. Ал, жыл басынан бері кеселден 9 адам көз жұмды. Облыс бойынша 6 мыңнан астамға екпе салынды. Бүгін облысқа тағы 11 мыңға жуық вакцина жеткізіледі.

Ғазиз Надуев, Маңғыстау облысының бас санитарлық дәрігері:
Халық тіл алып жатқан жоқ. Біз көше, алаңдарды, нысандардың жұмысын тоқтатқанымызбен, халық үйме үй аралап, бір-біріне көрісу ұйымдастырды. 28-29 ынан бастап Маңғыстау өңірі өсім беріп жатыр. Халықтың арасында қарым-қатынас азаймай, бұл ауру тоқтамайды.

Атырау облысында да халықты жаппай вакциналау жалғасуда. Бүгінде 7 мыңға жуық адамға екпе жасалды. Өңірге «Спутник V» вакцинасының тағы 8 000 дозасы жеткізілді.

Аягөз Оралбайқызы

коронавирус

Хабарламаларға жазылу