Тараздық дәрігерлер ай-күні жетіп отырған жүкті әйелді өлім аузынан аман алып қалды. Жағдай әдеттегідей емес, келіншек коронавирус жұқтырып, салдарынан 3 күн бойы жансақтау бөлімінде жатқан. Тараздағы ауруханаға жеткізілген 42 жастағы науқастың жағдайы ауыр болған. Аурумен арпалысқан дәрігерлер ана мен баланы өлімнен арашалап қалды. Қазір олардың денсалығына еш қауіп жоқ.
Жанар Дәулетиярова, қала тұрғыны:Үш күн аралығында дәрігерлер қасымызда болды, мені күндіз де түнде де қалдырған жоқ.
Айдана Жомартқызы, дәрігер:Осы жерде коронавируспен ауырған науқастар арасындағы жүкті келіншектерді босандырып, осы жерде өзіміз әрі қарай емдеп, қараймыз. Науқастарымыз төсек-жабдықтармен, ем-дәрілермен толық қамтамасыз етілген. Жұмыс істейтін дәрігерлер, медбикелер сақтық киімдерімен толыққанды жабдықталған.
Сәбит Әлдебай