Шетелдіктерге қанша жер көлемі жалға берілгені белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелдіктерге қанша жер көлемі жалға берілгені белгілі болды

07.04.2021

Мәжілісте ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге сатуға біржола тыйым салу бойынша заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Құжатта жалға берілмейтіндігі де нақты жазылған. 

Нысаналы Ығыл, тілші
Қазір 74 мың гектардан аса жер 7 бірлескен кәсіпорынның уақытша иелігінде. Тағы 2 заңды тұлғада 15 мың гектардан астам алқап бар екен. Олардың жерді пайдалану мерзімі 2025 жылдың соңына дейін. Одан әрі мерзімі ұзартылмайды. Енді агросалаға инвестиция тартудың басқа жолы қарастырылуы тиіс. «Ал мұны қаржы институттары арқылы реттеу қиын шаруа»,-деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин. Сондықтан ауыл шаруашылығына қосымша қаржы тетіктерін іздеуге тура келеді.

Бұдан бөлек отырыста халық ауыл әкімдерін тікелей сайлау бойынша заң жобасы Парламент жұмысына енгізілді. Онда сайлауға саяси партиялар кандидаттарын және өзін-өзі ұсыну көзделген. Саяси партиялардың өту шегін 7-ден 5 пайызға дейін төмендету және «бәріне қарсымын» деген жазуды бюллетеньдерге қосу қаралып отыр. 

жер туралы заң

Хабарламаларға жазылу