Парламент жерді шетелдіктерге сатпауды көздейтін заң жобасын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Парламент жерді шетелдіктерге сатпауды көздейтін заң жобасын қабылдады

05.05.2021

Парламент жерді шетелдіктерге сатпауды көздейтін заң жобасын қабылдады. Осыған дейін жоғарғы палата депутаттары ауыл шаруашылығы жерлерінен бөлек, орман өсіру ісіне де тек қазақстандықтар қатыса алуы тиіс деген болатын. Сенат енгізген бұл өзгерістермен Мәжіліс келісті. Жер тағдырына қатысты заң жобасы енді Президентке жолданады.

Естеріңізге салайық, енді жер шетелдіктерге, азаматтығы жоқтарға, шетелдік қатысуы бар Қазақстан компанияларына, халықаралық ұйымдарға жалға беруге біржола тыйым салынды. Ал осыған дейін шетелдіктерге жалға берілген алқаптардың барлығы мемлекетке қайтарылады.

Асима Нұрбайқызы


Хабарламаларға жазылу